
Бүгін Жетісу облыстық мәслихатында депутат Д. Нағашбекұлының «Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттеу тетігін іске асыру» ұсынысы бойынша отырыс өткізілді. Отырысқа Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева мен тұрақты комиссиясының төрағасы Р. Салықова, депутаттар Д. Нағашбекұлы мен Ж. Алтынбеков, Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Б. Шампиков, сондай-ақ «Жетісу» ӨКК — Жетісу облысының өңірлік даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Е. Бедельбеков қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмаларымен толық үндеседі. Президенттің «Түркістан» газетіне берген сұхбатында:
«Қазақстанның барлық ауылында табысты кооперация құруға негіз болатын алғышарттар жеткілікті. Шаруалар жазда малын бағып, сүт, ет, тері, жүн жинап, оны өңдеу үшін күш біріктіре алады. Солай етуге тиіс те. Күнкөрістен өсіп-өркендеуге бастайтын жол – осы. Кооперацияны бірлік пен жасампаздық идеологиясы деп те қарастырған дұрыс», — деп атап өткен болатын.
Осыған байланысты, отырыс барысында Жетісу облысында тауарлық кредит беру механизмін енгізу, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, өндірістік активтерді тиімді пайдалану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында аталған мәселе кешенді түрде қаралып, оны тиімді іске асыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша, тауарлық кредиттеу механизмін іске асыруға қатысты түпкілікті шешімдер қабылдау мақсатында мәселені қайта қарау 20 қаңтарға қалдырылды.