Халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау: Сенат депутаттарының Текелі қаласына жұмыс сапары

Халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау: Сенат депутаттарының Текелі қаласына жұмыс сапары

Текелі қаласына жұмыс сапарымен келген халық қалаулары қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында депутаттар жиналған қауымға елде жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтар туралы айтып, соңғы жаңалықтармен және өздерінің депутаттық қызметі жөнінде ақпаратпен бөлісті.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында су құбыры мен кәріз желілерінің тозуына байланысты мәселелер көтерілді. Тұрғындар су құбырын жөндеу және Алатау шағын ауданындағы кәріз желілерін жаңғырту жұмыстарының жоспарлануы туралы сұрақ қойды. Сонымен қатар «Достық» шағын ауданында арық желілерін жөндеу және салу мәселесі де қозғалды.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер халық қалауларының назарында екені атап өтілді. Депутаттар бұл мәселелерді шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізілетінін, қажетті жағдайда депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді. Жиын соңында халықтың мұң-мұқтажы ескерусіз қалмайтыны, ал көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатыны айтылды.