Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның жиналысы өтті.

Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның жиналысы өтті.

Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Қожағұлқызы, облыстың «ТАЭТК» АҚ, экономика және энергетика басқармаларының өкілдері, сондай-ақ жергілікті депутаттар қатысты.

Отырыста Панфилов ауданында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қаралды, оның ішінде жаңа кәсіпорындар мен «JARKENT QUS» құс фабрикасын салуға электр қуатының жеткіліксіздігі мәселесі талқыланды.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жобасы үш кезеңде жүзеге асырылады:

I кезең (2026 жыл) – Аэропортқа қызмет көрсету үшін 110 кВ желісі (50 км) мен трансформаторлық станция (ПС 110/10 кВ) салынады. Шамамен шығын – 5,6 млрд теңге.

II кезең – 220 кВ электр желісі (250 км) салынып, «Талдыкорган-500» станциясы кеңейтіледі; жаңа «Бигаш» және «Хоргос» станциялары да салынады. Шамамен шығын – 83 млрд теңге. Жобаны толық «под ключ» немесе мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы іске асыру қарастырылуда.

III кезең – 220 кВ желісі Сарыөзек станциясынан Жаркент-220 станциясына дейін жүргізіліп, Жаркенттегі жаңа станция (ПС «Жаркент 220») салынады және желілер кеңейтіледі. Шамамен шығын – 26,5 млрд теңге.

Жобаларды жүзеге асыру Панфилов ауданындағы СЭЗ және инвестициялық нысандарды энергиямен қамтамасыз етуге, құрылыстың мерзімін қысқартуға және инфрақұрылымдық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.