6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратура күні!

6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратура күні!

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері!

Сіздерді 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы прокуратурасы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Прокуратура саласы – мемлекеттің заңдылықты сақтаудағы басты тірегі. Қоғамдағы әділдік пен құқықтық тәртіптің нығая түсуі сіздердің адал қызметтеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің нәтижесі болып табылады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жолындағы еңбектеріңіз ел дамуына үлкен үлес қосуда.

Осы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, қызметтеріңізге табыс тілейміз. Қиындығы мен жауапкершілігі зор қызметтеріңіз абырой әкеліп, әрдайым жетістіктерге жетелей берсін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!