Бүгін Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысына облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Бүгін Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысына облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Отырыс барысында «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК-де жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. Аудит 2025 жылғы 11 шілдеден 23 қыркүйекке дейін жүргізіліп, 2023 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 27 маусым аралығында пайдаланылған 4 132 624,6 мың теңге көлеміндегі қаражаттың жұмсалуын қамтыды.

Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 348 606,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  • Қаржылық бұзушылықтар – 2 742,7 мың теңге (толығымен бюджетке қайтарылды);
  • Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 78 020,6 мың теңге;
  • Ықтимал шығындар мен жіберілген пайда – 267 842,8 мың теңге.

Сонымен қатар, 10 рәсімдік бұзушылық пен 1 жүйелі кемшілік анықталды.

Отырыс барысында аудит қорытындылары талқаланып, анықталған бұзушылықтарды жою, қаржы тәртібін күшейту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар мен шаралар қабылданды.

Облыстық мәслихат депутаттары тексеру комиссиясының жұмысына тұрақты түрде қатысып, облыс бойынша тексерілген нысандардың қорытындыларын тыңдау арқылы бюджеттің тиімді және тиімсіз жұмсалуы туралы ақпаратпен танысып, алдағы жұмыста ескерілетін ұсыныстар білдіреді.