Қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, құжаттарды рәсімдеу және білім беру саласына қатысты өтініштерін білдірді.
🏠 Талдықорған қаласының тұрғыны Көпбай Айдана Жұмабекқызының өтініші
Азаматша жұмыспен қамту бөлімі тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылуына байланысты сұрақ көтерді. Жеңілдіктердің қарастырылуы туралы анықтама сұрады.
Төраға заң аясында түсіндірме беріп, азаматшаның ЖСН-і алынып, құзырлы мемлекеттік органдармен байланыс орнатылатынын және ресми жауап берілетінін жеткізді.
💼 Бақмолда Ұлболсынның бауыры — Бақмолда Ержанаттың білім алу мәселесі
18 жасында Қазақстан азаматтығын алған Ержанаттың құжат рәсімдеу мерзімдеріне байланысты оқуға түсу барысында қиындықтар туындағаны айтылды.
Төраға тиісті оқу орындарымен хабарласып, кешкі мектептердегі бос орындарды нақтылап, қажетті ресми жауап берілетінін хабарлады.
⚖️ Шәмерхан Нұржамал мен Құмарбек Жанаттың баласы — Жанат Сұнқар жөніндегі сұрақ
Азаматтың жеке деректер базасына енгізілмегендігі туралы мәселе көтерілді. Құжаттар тексеріліп, құзырлы мемлекеттік мекемеден ресми ақпарат алынатыны айтылды.
📍 Қоғамдық қабылдау барысында әрбір өтініш мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер мен нақты ұсыныстар берілді.