✨ Құрметті ұстаздар қауымы! ✨
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлт болашағының темірқазығы, саналы ұрпаққа жол сілтейтін шамшырақ. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында еліміздің болашағы болатын өрендер білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие алып, өз жолын табуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет» – деп атап өткен болатын. Расында да, тәуелсіз еліміздің іргесін бекітіп, болашағын нықтауда ұстаздардың еңбегі ерекше. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – мемлекетіміздің дамуының, қоғамымыздың өркендеуінің кепілі. Ел ертеңі – жас ұрпақтың саналы, білімді, елжанды болып өсуі ұстаздың қолында.
Құрметті ұстаздар, осы сәтті пайдала отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, шығармашылық табыс тілеймін! Шәкірттеріңіздің жетістігі – Сіздердің маңдай тер еңбектеріңіздің мәңгілік жемісі болсын!
Құрметпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.