Құрылысшылар күнімен!

Құрылысшылар күнімен!

Құрметті Жетісулықтар!

Сіздерді кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылыс саласы – ел дамуының, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өрлеудің берік тірегі. Жаңарып, жаңғырып жатқан Жетісу өңірінде бой көтеріп жатқан әрбір нысан – сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асып жатқан игі істердің айқын көрінісі.

Өңіріміздің инфрақұрылымын дамыту, халықты сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бағытында қабылданып жатқан шешімдеріңіз – халықтың игілігіне бағытталған нақты қадамдар. Сіздердің ел мүддесін бәрінен биік қоя отырып, құрылыс саласының өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, халық алдындағы абыройларыңыз арта берсін деп тілеймін. Жаңа бастамаларыңыз табысты, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз нәтижелі бола берсін!

Ізгі ниетпен, Гүлнар Тойлыбаева