Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г.Тойлыбаева мен депутаттары Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә. Жөргенбаев, сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Е. Ыбрайхановпен бірге Панфилов ауданына барып, су қоймаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күні Панфилов ауданында жалпы сыйымдылығы 35 млн.текше метр болатын 3 жаңа су қойманың құрылысына техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оның ішінде:
«Жетісу облысының Панфилов ауданында Қорғас өзенінде су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздеме құны- 21,1 млн.теңге. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын Ислам Даму Банкі қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
«Жетісу облысының Панфилов ауданында Өсек өзенінде су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздеме құны- 27,5 млн.теңге.
Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын Ислам Даму Банкі қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
«Жетісу облысының Панфилов ауданында Тышқан өзенінде су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздеме құны- 19,0 млн.теңге. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын Ислам Даму Банкі қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Аталған жобалар іске асырылғанда нәтижесінде Панфилов ауданында 42,6 мың га жерге су беру жақсартылатын болады.