БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРПАТТАЛДЫ

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРПАТТАЛДЫ

28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі күніне орай өңіріміздегі тілшілерімізге арналған салтанатты шара өтті.
Шара барысында облыстық БАҚ өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар марапатталды.

Еркін форматта өткен жиында тәжірибелі журналисттер мен жас та болса, бас бола білген, қаламын қайрай жүріп қоғамның үнін жеткізе білетін жас журналистер жылы лебіздерін білдіріп, ән шырқалып мерекелік көңіл күймен емен-жарқын әңгіме өрбіді.
Өткен жылы алғаш рет өткізілген байқау жыл сайын тұрақты түрде болатын БАҚ өкілдерінің арасындағы дәстүрлі байқауға айналмақ.
Қоғамның дамуы мен жаңғыруында, ел тынысын халыққа жеткізуде, ақиқат пен әділдікті ту еткен журналистер қауымының еңбегі қашанда жоғары бағаланады.

Бүгінде «Жетісу» газеті мен «Вестник Жетісу» газеттері, облысымыздағы басты өңірлік арна - Жетісу телерадиокомпаниясы ақпараттық қарбаластың ішінде мәслихат депутаттарының да жұмысын назарда ұстап, түрлі жанрдағы бағдарламалар мен мақалалар арқылы ақпарат ұсынып, депутаттың халқына тағы бір қадам жақын болуына өз септіктерін тигізуде.