Жиынға облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев және тиісті басқарма мен департамент басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе - діни ахуалдың жағдайы және облыс бойынша жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының қызметі туралы. Осы мәселе бойынша, Дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жанабай облысымызда діни жағдайдың тұрақты деңгейде сақталып отырғандығын айтты. Облыс көлемінде 11 конфессияға тиесілі 264 діни бірлестік жұмыс істейді, олардың басым бөлігі — ислам бағытындағы мешіттер (212). Одан бөлек православ, католик, протестанттық, бахаи және басқа бағыттағы діни ұйымдар тіркелген.
Сала бойынша рухани тұрақтылықты сақтау және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында тұрғындармен 1000-нан аса түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, 22 мыңнан аса адам қамтылған.
Жалпы діни қызметкерлердің саны 341 құрайды. Оның ішінде; Ислам бағыты бойынша діни қызметкерлер саны 265, Христиандық бағыт бойынша діни қызметкерлер саны – 76, миссионерлер саны – 12.
Өңірімізде рухани білім беру ұйымдары қызмет атқарып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде насихат жұмыстары жүргізіліп, деструктивті діни ағым ұстанушыларымен оңалту жұмыстары да тұрақты өтуде.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, есепке алудың барлық түрлерінде тұратын кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу туралы тиісті басқарма басшылары баяндама жасады.
Осы бағытта білім басқармасы бірқатар жұмыстар атқарған. Атап өтсек, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында облыстағы мектеп оқушыларының 86 пайызы қосымша білім беру жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар, өңірде 258 әскери-патриоттық клуб пен 24 кадет сыныбы жұмыс істейді. Олардың құрамында 12 448 оқушы бар. Дебат қозғалысына – 5140, бір ғана аула клубына – 211 оқушы тартылған.
Ақсу, Көксу, Қаратал және Сарқан аудандарында 38 комьюнити орталықтары ашылып, 2805 бала көркем-эстетикалық бағытта қосымша білім алуда. 2025 жылы бұл жоба Алакөл, Панфилов және Кербұлақ аудандарының ауылдық елді мекендерінде де жалғасатын болады.
Осы мақсатта спорт саласында да түрлі іс-шаралар өткізілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 1099 спорттық нысан жұмыс істейді. 23 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 64 спорт түрімен 23 654 бала спортпен тұрақты айналысуда. Бұқаралық спортты дамыту және қолжетімділікті арттыру мақсатында 171 спорт-нұсқаушы елді мекендерде халықпен жұмыс істеуде.
Аталған бағытта полиция департаменті де жұмыс жасап, құқық бұзушылықпен есепте тұрған жасөспірімдер үйірмелермен қамтылуда.
Облыс бойынша қазіргі таңда ювеналдық полиция есебінде 74 бала тіркелген, оның ішінде 11 бала профилактикалық есепте, ал 63 бала тізімдік есепте тұр. Бұл балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіліп, тұрғылықты жері бойынша тексерулер тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.
Қоғамнан алшақтап қалмауы үшін есептегі балалардың 45-і түрлі үйірмелерге тартылған. Оның ішінде: 40 бала спорттық үйірмелерге қатысса, 5 бала шығармашылық үйірмелерде білім мен тәрбие алуда.
Бұл мәселе бойынша «Jetisy jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де жұмыс жасауда. Мысалы, әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған 27 іс-шара, «Зиялы қауым – жастарға үлгі», «Киберқауіпсіздік» сияқты тақырыптарда 45 іс-шара, экстремизм мен діни радикализмнің алдын алуға арналған 24 дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап облыс мектептерінде «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда 108 ментор 120 мектепте жұмыс істейді.
Қорытындылай келе, комиссия отырысындағы мәселелер толықтай қаралып, депутаттар тарапынан тиісті ұсыныстар беріліп, назарға алынды.