Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаеваның "Медицина қызметкерлері күні" мерекесімен құттықтауы

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаеваның "Медицина қызметкерлері күні" мерекесімен құттықтауы

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Ардақты дәрігерлер, қымбатты медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Медицина қызметкерлерінің қоғамда алар орны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.

Қымбатты сала мамандары!

Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қажырлы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамын!
Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі жарқын, келешегі келбетті болсын!