ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жетісу облыстық мәслихатының тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Жиында ең алдымен әлеуметтік және тұрғын үй нысандарындағы құрылыс жұмыстарының іске асырылу барысы қаралды.

2025 жылы 267 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде, 9 – білім беру нысаны, 2 – спорт нысаны, 98 – денсаулық сақтау нысаны, 4 – мәдениет нысаны, 133 – тұрғын үй, 20 – инженерлік желілер жобасы, 1 – өрт сөндіру депосы бар.
Тұрғын үй обьектілері бойынша үстіміздегі жылы 375,0 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін 1 158 пәтер сатып алу да жоспарға енгізілген.

Күн тәртібіне енгізілген екінші мәселе тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысы жайында болды.

Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында 4 бағытта жұмыс жасалуда.
Бірінші - Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі. Бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен 325 елді мекен, орталықтандырылмаған сумен – 24 елді мекен, тасымалданатын сумен – 7 елді мекен қамтамасыз етілген.
Екінші - жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту. Ұлттық жоба шеңберінде 2025 жылы 6,8 млрд. теңгеге «ТАТЭК» АҚ 418,6 км электр желілерін және 2 бірлік қосалқы станциясын қайта жаңарту жоспарлануда.
Үшінші - Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы сарқынды суларды тазарту деңгейі. «Алакөл ауданы Алакөл көлінің жағалауында тәулігіне 6,5 мың м3 канализациялық тазарту құрылысын салу, канализация жүйесін салу ІІ кезек» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Текелі қаласының тазарту құрылыстарын қайта жаңарту» және «Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында кәріз жүйесін салу» жобалары бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Төртінші - облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайы. Соңғы үш жылда облыс бойынша тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 4,2 млрд.теңгеге 390 пәтер сатып алынды. 2025 жылға жергілікті бюджеттен 36 пәтер сатып алуға 534,3 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, ағымдағы жылы 36 отбасын көшіру және 4 апатты тұрғын үйді бұзу жоспарлануда.

Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, тиісті шешім қабылданды.