ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЕСЕПТІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЕСЕПТІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жетісу облысында төрінде Республиканың барлық аймағынан жиналқан мәслихат төрағаларымен мәслихат қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Жиында Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев, «Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, «Мемлекеттік және басқару институты» КБМ ректоры Әбікен Тоқтыбеков, сол сияқты барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары, Парламент Сенатының жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.
Бүгінде мәслихаттар әкімдіктермен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, қоғамдық кеңестермен, үкіметтік емес ұйымдармен, жастармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы аясында да тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында атқарылған істер көп. Өкілеттіктің барлық кезеңінде, яғни 2023 жылдан бері депутаттар жеке мәселелері бойынша 553 қоғамдық қабылдаулар өткізді, олардың барысында 1171 адам қабылданды, нәтижесінде 237 депутаттық сауал жолданды 871 мәселе оң шешімін тапты.
Отырыстың күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің қызметі жөнінде бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашев баяндап, ұйымның өңірлердегі жұмысының жай-жапсары талқыланды.
Қарастырылған екінші тақырып аясында ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған ұсыныстарды іске асыру тетіктері сөз болды. Қатысушылармен мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды жүзеге асыру жолдары талқыланды.