Күн тәртібінде кеше өткен бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында қаралып, талқыланған 9 мәселе бойынша шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы оң қарқынмен атқарылып келеді. Сөзіме экономиканың өсу қарқыны 114,8% -ы құрағаны дәлел. Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 9-10% деңгейінде күтілуде.
Облыстық Мәслихаттың 2025 жылғы облыстық бюджетке өзгертулер енгізу туралы шешімінің жобасын бекітті. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен қосымша 1,9 млрд теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде даму мақсатындағы нысаналы трансферттер – 2,0 млрд теңге, ал ағымдағы нысаналы трансферттер – 54,2 млн теңгеге қысқартылды.
Күн тәртібінде қаузалған мәселе 2024 қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуына тоқталсақ.
Сессия отырысына енгізілген барлық мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.