Аудандық "Жас қозғалыс инспекторы"

Аудандық "Жас қозғалыс инспекторы"

2024 жылғы 3 мамырда аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес № 2 ЖОББМ базасында "Жас қозғалыс инспекторы" облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық жарысқа 2 мектеп: №2 ЖОББМ және Т. П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қатысты.

Конкурстың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу проблемаларына мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару.

Конкурс бағдарламасы 7 кезеңнең тұрды: 1) саптық байқау; 2) жол қозғалысы ережелерін білушілер; 3) велосипедті мәнерлеп жүргізу; 4) жас реттеуші; 5) жас санитар; 6) бейнероликтер конкурсы; 7) эрудит турнирі.

Командалар бір-біріне лайықты қарсылас екенін дәлелдеді. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Т.П.Праслов атындағы Прииртышск командасы, екінші орынды №2 ЖОББМ командасы иеленді. Бірінші орын алған команда 23 мамырда өтетін облыстық жарыста аудан намысын қорғайды.

Ауданның білім бөлімі №2 ЖОББМ басшылығына, Железин ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны А.Е. Қапаровқа, Железин аудандық ауруханасының жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшері М. П. Шеленковаға іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.