
2026 жылдың 4 маусым күні Павлодар қаласында өткізілген іс-шараға біздің де ауданннан екі оқышымыз қатысты. 2025–2026 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері үшін Павлодар облысы әкімінің атынан Алғыс хат пен сыйақы сертификаты №1 ЖОББМ-нің оқушысы Увалит Мөлдірге және №2 ЖОББМ-нің оқушысы Жайкбаев Алижанға табысталды. Білім мен еңбектің, табандылық пен ізденістің нәтижесі әрдайым бағаланады. Осындай қолдау жас дарындарды жаңа белестерді бағындыруға ынталандырып, ғылым мен білім жолындағы жетістіктерін арттыра түсетіні сөзсіз. Барша олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!