
Жетістікпен құттықтаймыз!
Новомир ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысы Қабдеш Бексұлтан Ұлттық интеллектуалдық олимпиадасы «Мың бала» байқауында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды!
Бұл жетістік – табанды еңбектің, білімге деген құштарлықтың және ұстаздардың сапалы еңбегінің жемісі. Бексұлтанға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім жолында жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!
Ұстаздарына және ата-анасына зор алғыс білдіреміз!