Білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі

Білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі

2026 жылғы 15 мамырда білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылын сапалы аяқтау, оның қорытындыларын шығару, сондай-ақ мемлекеттік емтихандар мен «Соңғы қоңырау» іс-шараларын белгіленген талаптарға сәйкес өткізу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, сауықтыру алаңдарының жұмысын жүргізу, балалардың мазмұнды бос уақытын қамтамасыз ету, сондай-ақ жазғы кезеңде тәрбиелік және спорттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды: судағы қауіпсіздік, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрт қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, балаларды қараусыз қалдырмау және құқық бұзушылықтардың алдын алу тапсырылды.

Жазғы кезеңдегі барлық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапкершілікпен қарау барлық басшыларға тапсырылды.