
2026 жылғы 13 мамыр күні Железин ауданының 10-сынып оқушыларымен Үрлітөбе шекаралық бақылау бөлімінде 2-күндік далалық жиын өтті. Іс-шараны топ офицері, лейтенант Кенесбеков Нұртай Өмірбекұлы ұйымдастырып, оқушыларды Үрлітөбе шекаралық бақылау бөлімінің қызметімен таныстырды.
Іс-шара барысында шекара қызметкерлері оқушыларға қару-жарақ түрлерін көрсетіп, әскери қызметкерлердің күнделікті тұрмысы мен күн тәртібі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, саптық дайындық және жауынгерлік дайындық бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.