Керегежар шекара бөлімінде 5 күндік далалық жиын салтанатты түрде ашылды

Керегежар шекара бөлімінде 5 күндік далалық жиын салтанатты түрде ашылды

2026 жылғы 12 мамыр күні Железин ауданының 10-сынып оқушыларымен Керегежар шекара бөлімінде 5 күндік далалық жиынның ашылу іс-шарасы өтті.

Жиынның ашылу салтанатына «Qaisar» партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Сарсенов Т.С., білім бөлімінің АӘД әдіскері Жилкишиев А.Е., сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің Керегежар шекара бөлімінің тәрбие жөніндегі орынбасары, капитан Сәбитбек Қ.Қ. қатысты. Сонымен қатар оқушыларға тәттілер таратылды.

Іс-шара барысында шекара қызметкерлері оқушыларға қару-жарақ көрінісін, күнделікті тұрмыс пен күн тәртібін таныстырды. Сонымен қатар саптық дайындық және жауынгерлік дайындық сабақтары өткізілді.