«Ұлттық мектеп лигасы» Баскетбол жарысы!

«Ұлттық мектеп лигасы» Баскетбол жарысы!

2026 жылғы 31 наурызда Железин ауданында 7–8 сынып оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» аясында баскетболдан аудандық кезең өтті.

Жарысқа ауданның 6 жалпы білім беру ұйымының командалары қатысты. Алаңдағы атмосфера шынайы спорттық деңгейде өтті. Жанкүйерлер өз командаларын белсенді қолдап, ал төрешілер әділ әрі объективті төрелік етті.

Қатысушылар жоғары техникалық дайындықтарын, командалық үйлесімділікті және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Әсіресе дәл үш ұпайлық лақтырулар мен сауатты қорғаныс әрекеттері көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын – №1 ЖОББМ
2 орын – №2 ЖОББМ
3 орын – Т.П.Праслов атындағы Прииртыш ЖОББМ

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!