Железин ауданындағы көктемгі демалыстан қызықты сәттер

Железин ауданындағы көктемгі демалыстан қызықты сәттер

Биыл Железин ауданы мектептерінде көктемгі демалыс мазмұнды әрі белсенді өтті. 850-ден астам оқушы түрлі іс-шараларға қатысып, уақыттарын тиімді өткізді. «Таза аула» акциясында 120-ға жуық оқушы мектеп ауласын тазалап, «Көктемгі старт» ұлттық ойындарына 100-ден астам бала қатысып, өзара бақ сынасты. «Каникулда оқимыз» челленджі 150-ге жуық оқушыны қамтып, кітап оқуға қызығушылықты арттырды. Тоғызқұмалақ турнирінде 60-қа жуық оқушы логикалық қабілеттерін көрсетті. Әскери-патриоттық жарыстар, садақ ату және «Ортақ тартыс» ойыны оқушылардың ептілігі мен рухын шыңдады. Шағын футбол турнирі тартысты өтсе, жол қауіпсіздігі викториналары мен дебаттар балалардың ойлау қабілетін дамытты. Осылайша, көктемгі демалыс оқушылар үшін пайдалы тәжірибе мен жарқын әсерге толы кезең болды