
Железин ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Көктемнің шуағымен бірге келген бұл мереке аудан тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлап, бірлік пен жаңарудың жарқын көрінісіне айналды. Аудандық білім беру бөлімінің қарамағындағы ұйымдар мерекелік думанға белсене қатысып, оның мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты. Ұстаздар мен оқушылар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақ халқының бай мұрасын насихаттайтын түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырды. Мерекелік алаңда ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлер сахналанып, ән мен күй шырқалды. Әрбір білім беру ұйымының ұжымы өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен шынайы қуаныш сыйлады.