
2026 жылдың 4 наурыз
«Білім келешегі – адал азамат, кәсіби маман»
Жуырда «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты тұжырымдамалық біртұтас тәрбие аясында Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты елін сүйетін, адал да жауапты азамат ретінде тәрбиелеу, сондай-ақ әскери-патриоттық бағыттағы білім беру үдерісін жетілдіру жолдарын қарастыру болды.
Семинар барысында қатысушылар оқу-әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі заман талаптарына сай кәсіби құзыреттілікті арттырудың жаңа тәсілдерін талқылады. Әскери-техникалық дайындықты оқытудың тиімді әдістері, оқушыларды Отан қорғауға ынталандыру және тәрбиелеу мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сонымен қатар, педагогтарға арналған практикалық сабақтар өткізіліп, инновациялық әдістемелер ұсынылды. Семинар-практикум ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеудің жаңа қырларын айқындауға зор ықпал етті.