«Біздің мектеп – біздің мақтанышымыз» атты аудандық байқау өткізілді

«Біздің мектеп – біздің мақтанышымыз» атты аудандық байқау өткізілді

2026 жылғы 9–30 қаңтар аралығында аудан көлемінде білім беру ұйымдары арасында «Біздің мектеп – біздің мақтанышымыз» атты аудандық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – мектептердің жетістіктерін насихаттау, шығармашылық ізденісті қолдау және білім беру сапасын арттыру.

Байқауға 21 мектеп пен 1 балабақша қатысып, өз ұйымдарының үздік тәжірибелерін Instagram әлеуметтік желісі арқылы көпшілікке ұсынды. Ұсынылған жұмыстар мазмұны, сапасы, жаңашылдығы мен креативтілігі бойынша белгіленген талаптарға сай әділ бағаланды.

Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлде М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ берілді;
І орын – №2 ЖОББМ;
ІІ орын – Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ мен Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ;
ІІІ орын – №1 ЖОББМ, Башмашын ЖОББМ және Екішок НЖББМ мектептеріне табысталды.
Байқау білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, шығармашылық белсенділікті арттыруға және мектеп мәртебесін көтеруге ықпал етті.