Сапаны арттыру бойынша ҰБТ-ға мониторинг, қорытынды аттестацияға, ББЖМ, PIRLS, TIMSS, PISA-ға дайындық.

Сапаны арттыру бойынша ҰБТ-ға мониторинг, қорытынды аттестацияға, ББЖМ, PIRLS, TIMSS, PISA-ға дайындық.

Аудандық білім беру бөлімі білім алушылардың білім сапасын арттыру және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында мектептердің қызметіне жүйелі мониторинг жүргізуде.

Мониторинг аясында ерекше назар келесі бағыттарға аударылады:
✔️ ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға дайындық;
✔️ ББЖМ бойынша жұмысты ұйымдастыру;
✔️ PIRLS, TIMSS, PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық деңгейін талдау;
✔️ проблемалық тұстарды анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мектептерге нақты әдістемелік ұсынымдар берілді.

Мектептерді әдістемелік сүйемелдеу жұмысы жалғасатын болады. Басты мақсат — білім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім алушылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуі.