Аудан мектептеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыруға мониторинг жүргізілді.

Аудан мектептеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыруға мониторинг жүргізілді.

Білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру сапасын бақылау мақсатында мониторингтік топ ауданның келесі білім беру ұйымдарына барды:
КММ «Береговой ЖНББМ»
КММ «Башмашын ЖОББМ»
КММ «Ш.Уәлиханов ЖОББМ».
Бару барысында асханалар мен тамақтану залдарының санитарлық жағдайына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, азық-түліктердің сақталу шарттарына, ілеспе құжаттардың болуына, бракераж журналдарының жүргізілуіне, сондай-ақ тағам дайындаудың технологиялық үдерістерінің сақталуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар бекітілген екі апталық (циклдік) мәзірдің сақталуы, тағамдардың сапасы, температуралық режим және білім алушыларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы тексерілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша тексерілген мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Жауапты тұлғаларға санитариялық нормаларды сақтау және бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.