Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға арналған әдістемелік мониторинг іссапары

Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға арналған әдістемелік мониторинг іссапары

Аудандық білім беру бөлімі білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында Башмашын ЖОББМ-не жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру және мектеп құжаттамасын талапқа сай жүргізу мәселелері қарастырылды.

Педагогтерге әдістемелік бағыт-бағдар беріліп, тәжірибелік ұсынымдар ұсынылды.
Білім сапасын арттыру – ортақ мақсат, жүйелі жұмыс – нақты нәтиже!