Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қарастыруға арналған аудандық жиналыс

Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қарастыруға арналған аудандық жиналыс

2026 жылдың 10 ақпанында білім бөлімінің басшысы М.К. Алшимбаева мектеп басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
​Күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер қаралды:
​Білім алушылардың білім сапасы;
​Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
​Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
​Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары.
​Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық әдістемелік кабинет (АӘК) меңгерушісі А.С. Баймикенова, бас маман Д.К. Тенизова және әдіскер Г.К. Итыбаева баяндама жасады.
​Кеңес қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге сәйкес нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.