Заң мен тәртіп айлығы аясында мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәртіп және жауапкершілік» тақырыбында мектеп театрларының фестивалі өткізілді.

Аталған фестивальдің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, жауапкершілік пен тәртіптің қоғамдағы маңызын көркем қойылымдар арқылы түсіндіру болды.

Фестиваль барысында қатысушы мектептер өздерінің шығармашылық қойылымдары арқылы отбасы құндылықтары, құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке жауапкершілік пен азаматтық ұстаным мәселелерін сахналық көріністер арқылы шебер жеткізе білді. Оқушылар актерлік шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге ой салатын мазмұнды қойылымдар ұсынды.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға өз үлесін қосты.