«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі

2026 жылғы 30 қаңтар күні 7-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Мақсаты – қазақ әдебиетіндегі шығармаларды жаңа форматта жандандыру. Жасөспірімдерді отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар оқушылардың арасында қазақ тілі мен әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі жанырларын жандандыра отырып насихаттау. Қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау.

 «Бейнелеушілер» бағытының жеңімпаздары: М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің оқушысы Баукенов Адиет – 1 орын, №1 ЖОББМ-нің оқушылары Мухамеджанова Айнур-2 орын және Увалит Мөлдір – 3 орын, №2 ЖОББМ-нің оқушылары Дерунов Антон – 2 орын және Грудко Александра – 3 орын.

«Әнші-бұлбұлдар» бағытының жүлдегері №1 ЖОББМ-нің оқушысы Ахмет Айнұр – 3 орын.

«Жас қаламгер» бағытының жеңімпазы Есқара ЖОББМ-нің оқушысы Абдинов Асылжан – 1 орын.

«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша №1 ЖОББМ-нің оқушылары Штрауб Анфиса – 1 орын және Ханенко Аделия – 2 орын.

 «Сөз шеберлері» бағытынан Есқара ЖОББМ-нің оқушысы Слюймен Аяулым – 2 орынға ие болды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!