МЕДИА-ЖОСПАР «Сапалы білім – болашақ кепілі»

МЕДИА-ЖОСПАР «Сапалы білім – болашақ кепілі»

Железин №2 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ата-аналар қауымдастығымен тиімді өзара іс-қимыл орнату, қамқоршылық кеңестердің, әкелер кеңесінің және ақсақалдар кеңесінің қызметін жандандыру мәселелеріне арналған мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен аудандық семинар өткізілді.

Семинар барысында тәрбиелік жұмысты жүйелі ұйымдастыруда ата-аналар институтының рөлі, мектеп пен отбасының серіктестігін нығайту, ұлттық тәрбие құндылықтарын дәріптеу бағытындағы тәжірибелер талқыланды. Қатысушыларға қамқоршылық кеңестердің жұмысын тиімді жүргізу, әкелер мен ақсақалдар кеңестерін білім беру ұйымдарының тәрбие кеңістігіне тартудың маңыздылығы жөнінде мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

Іс-шара тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушылар өзара пікір бөлісіп, тәрбиелік жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар мен тың жоспарларды ортаға салды.