
Аудандық білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері білім беру үдерісінің сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қолдау мақсатында Пятерыжск НЖББМ-не әдістемелік көмек көрсету үшін іссапармен барды. Іссапар барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, білім сапасын көтеру, құжаттаманы дұрыс жүргізу, сондай-ақ заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану мәселелері бойынша нақты ұсыныстар берілді.