Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы

Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасы

Бүгін өңірде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекелік шараға барлығы 100 бала қатысты.

Аталған мерекеге Железин ауданынан Ш. Уәлиханов атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Нұрғалиұлы Елнұр мен Башмашын ЖОББМ-нің оқушысы Мезис Ева да қатысып, ерекше әсер алды.

Балалар Адалбек пен Айтика кейіпкерлерінің қатысуымен қойылған әсерлі қойылымды тамашалап, LED-экрандағы заманауи цифрлық эффектілер мен виртуалды кеңістікте ЖИ Аяз бен Ақшақардың бейнесін көрді. Мереке барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, достық пен бірліктің шынайы құндылығын сезінді.

Балаларды М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары мен Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері ертегі әлеміне жетелеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шара соңында облыс әкімінің атынан балаларға арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Бұл мереке балалардың жүзінде шаттық сыйлап, жүректеріне сенім мен мейірім ұялатты. Жаңа жылдық шара олардың жадында жылы әсерге толы, ерекше сәт ретінде сақталды.