Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атынан мерекелік жаңа жылдық шырша өтті.

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атынан мерекелік жаңа жылдық шырша өтті.
Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атынан мерекелік жаңа жылдық шырша өтті. 
 
Бұл күн балаларды қуанышқа, жылылыққа және нағыз ертегі атмосферасына бөлеп, бірлік пен үміт сезімін арттырды. Мереке бейнеқұттықтаудан ашылып, «Қазақ елі» шығармашылық нөмірі арқылы залға мақтаныш, үміт және бірлік рухы тарады.
 
Бұл күні Президент атынан әр балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шараға жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балалар, мүгедек ата-анасы бар отбасылардың балалары, сондай-ақ оқу мен спортта үздік нәтиже көрсеткен оқушылар, балалар қозғалысының көшбасшылары, мектеп парламенттері мен оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының мүшелері қатысты.
 
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты театралдық бағдарлама мерекені Ұлы Далаға жасалған танымдық саяхатқа айналдырды. Тұлпар мен Жылан, Домбыра мен Қызғалдақ, Бархан мен Аяз Ата балаларға басты құндылықтарды — бірлік, даналық, достық, табиғатқа және ұлттық дәстүрлерге деген құрметті еске салды.Президент атынан Павлодар қаласында өткізілген жаңа жылдық шыршаға Железин ауданының атынан келесі оқушылар қатысты:
•№3 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Мәлік Рамазан;
•№1 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Сидоренко Юлия;
•Жаңа Жұлдыз ауылының жалпы орта білім беретін мектеп-мектепке дейінгі мекемесінің оқушысы Тытюк Никита;
•Аққайың негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сарсенбаев Ильяс.
 
Павлодардағы Президенттік жаңа жылдық шырша балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, оларға деген қамқорлық пен сенімге негізделген жарқын болашаққа деген үмітті нығайтқан тағылымды шара болды.