Жаңа тағайындалған басшылармен өткен семинар-практикум
Бүгін білім беру бөлімінің басшысы М.Алшимбаева және бөлім мамандары К.Кабиева, Д.Тенизова, А.Баймикенованың қатысуымен жаңа тағайындалған мектеп басшылары мен басшының міндетін атқарушыларға арналған семинар-практикум өткізілді.
Семинар барысында мектепті басқару, құжаттама жүргізу, нормативтік талаптар және көшбасшылық мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.