Білім берудегі құндылықтар

Білім берудегі құндылықтар

2 желтоқсан 2025 жылы Железин ауданының №1 орта мектебінің базасында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері – басқарма төрағасы, ректор Ержан Әмірбекұлы, маркетинг және қабылдау офисінің жетекшісі Мусанова Гүлнар Манатовна, өнер және спорт жоғары мектебінің деканы Лебедева Валентина Ильинична қатысты.

Кездесуге білім бөлімі басшысы Алшимбаева М. К., аудан мектептерінің басшылары, кәсіби бағдар жұмысына жауапты директордың орынбасарлары, психологтар және жас мамандар қатысты.

Семинар барысында аудан педагогтарына қайта даярлау курстары, магистратура мен докторантураға қатысты сұрақтар, сондай-ақ ЖОО-ға түсу тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.