
ҚР ҰҚК ШҚ Павлодар облысы бойынша Департаментінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспары аясында
“Урлитобе” (автомобильдік) шекаралық бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Железин ауданының №1 ЖОББМ-нің 8–10 сынып оқушыларымен, сондай-ақ “Жас шекарашы” клубының мүшелерімен Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту және оларды әскери өмірге баулу;
ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу және болашақта Шекара қызметі қатарында келісімшарт негізінде қызмет атқаруға үгіт-насихат жүргізу.
Іс-шара барысында:
Қатысушылар шекаралық бақылау бөлімінің аумағымен таныстырылып, қызметтік иттердің қолданылуы көрсетілді;
Топтық қару-жарақ пен шекаралық бақылаудың техникалық құралдары таныстырылды.
Ұйымдастырған: капитан Қабдолдан Еркебұлан Рахатұлы.