Біртұтас тәрбие аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша

Біртұтас тәрбие аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша

Біртұтас тәрбие аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша
“Урлитобе” (автомобильдік) шекаралық бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Железин ауданының №1 ЖОББМ-нің “Жас шекарашы” және “Жас сарбаз” клубтарының оқушылары бөлімге танысу сапарымен барды.

Іс-шараның мақсаты:
– Оқушылардың отансүйгіштік және патриоттық сезімін қалыптастыру,
– Әскери өмірге қызығушылықты арттыру,
– ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясына түсу және болашақта Шекара қызметі қатарында келісімшарт негізінде қызмет атқару мүмкіндіктері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара барысында:
– Қатысушылар шекаралық бақылау бөлімінің аумағымен танысып, қызметтік иттердің жаттығу барысын тамашалады;
– Топтық қару-жарақ пен шекаралық бақылауда қолданылатын техникалық құралдар көрсетілді.