
2025 жылдың 29 қазан күні М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің аясында Қамқоршылар күніне арналған "Жүректен шыққан жылулық" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты - қамқоршы, асырап алушы, патронаттық тәрбиедегі отбасыларға құрмет көрсету, балаларға сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлап жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеу. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Усина, білім бөлімінің басшысы М.Қ.Алшимбаева қамқоршыларға деген құрметтерін білдіріп, жүрекжарды лебіз, тілектерін арнап, Алғыс хаттар табыстады.