«Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсының аудандық кезеңі

«Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсының аудандық кезеңі

«Үздік ауыл мұғалімі» конкурсының аудандық кезеңі аяқталды: Жеңімпаздар анықталды
2025 жылдың 13 қазанында Железин аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінен 5 педагог қатысып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Конкурс екі кезеңде өткізілді:
* 1 кезең офлайн форматта ашық сабқтар өтті;
* 2 кезең – портфолио қорғау (онлайн форматта).
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша:
Бас жүлде (Гран-при) - Дерунова Екатерина Николаевна №2 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
1 орын - Лизунова Мария Николаевна, Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ Математика пәнінің мұғалімі;
2 орын - Даулетова Кумысай Тендиковна, М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3 орын - Ибраева Карина Армановна, Новомир ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
3 орын -Герасименко Наталья Анатольевна, Лесной ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі;
Облыстық кезеңге бас жүлде иегері мен 1 орын алған педагогтер жіберіледі.
Марапттарыңыз құтты болсын!