Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын мен педагогтерді лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 16 шілдедегі «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының №8 хаттамасы негізінде Уалихан Досбол Әбдіразақұлы Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің «Жаңа Жұлдыз ауылының жалпы білім беру орта мектебі» КММ басшысы болып тағайындалды.