
Бүгін Шымкент қаласында «2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасын қалыптастыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шара барысында волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, өңірлік ерекшеліктер ескеріліп, мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қарастырылды.
🤝 Қалада волонтерлік қозғалыс қарқынды дамуда: бүгінде 7 000-ға жуық белсенді ерікті бар.
🌱 «Birgemiz» жобасы аясында экологиялық, әлеуметтік, білім беру және мәдени бағыттарда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Таза Қазақстан» және «Таза Шым» акциялары арқылы мыңдаған жас қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.
💙 Әлеуметтік бағытта қарттар мен мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, қайырымдылық мәдениеті нығаюда.
📊 Жыл басынан бері 14 000-ға жуық жас волонтерлік шараларға қатысқан.
Алдағы уақытта да волонтерлік қозғалысты дамыту, жаңа жобаларды іске асыру және жастардың белсенділігін арттыру жалғасады.