Ауданның Қоғамдық Кеңес отырысы өтті

Ауданның Қоғамдық Кеңес отырысы өтті

Қоғамдық Кеңес отырысы

2024 жылдың 15 наурызында сағат 10:00-де Жарма ауданы әкімдігі  ғимаратының Кіші залында, Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңестің бұл жолғы отырысында Жарма ауданының қаржы бөлімінің басшысы – Айгерім Кабитаева Жарма ауданының 2023 жылғы есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы, Қалбатау ауылдық округінің әкімі – Қанат Рахимжанов пен Шар қаласының әкімі – Эрдос Мурумбаевтар Қалбатау ауылдық округінде және Шар қаласында төртінші деңгейдегі қаражаттың игерілуі туралы есеп берді.

Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әдіскері – Гульжан Масалимова Кеңес мүшелеріне Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметі туралы ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында Кеңес мүшелерімен көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, отырыс соңында әртүрлі мәселелерді талқылдау барысында Шар қаласының Жергілікті қоғамдастық мүшелерін қабылдап, Қарасу ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бөлінісінде орналасқан «ШарЦем» ЖШС Шар қаласына тіркеу туралы мәселесі ортаға салынып, талқыланды.

Аталған мәселені қарау кезінде, Шар қаласының Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көтерген сұрақтарына Заң шеңберінде түсінік берілді.