Хабарландыру!
Қоғамдық Кеңес отырысы
2026 жылдың маусым айының 29 күні, сағат 10:00-де Жарма ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратының Кіші залында, Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтетіндігі жөнінде хабарлаймыз.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қарастырылады:
- Жарма ауданында ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы.
- Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің негізгі қызметі бойынша жүргізілген және 2026 жылға жоспарланған жұмыстары туралы.
- Жарма ауданында автокөлік жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру туралы.
- Жарма ауданында жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы.
- Әртүрлі мәселелер.