Хабарландыру

Хабарландыру

Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІV сессиясын шақыру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Жарма ауданы әкімінің 2026 жылғы 03 сәуірдегі №01-09-01/913 ұсынысы негізінде, 2026-2028 жылдарға арналған Жарма ауданының (3 деңгейдегі) және Жарма ауданының Шар қаласы, кенттер мен ауылдық округтердің (4 деңгейдегі) бюджеттеріне өзгерістер енгізуге байланысты, Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІV сессиясы шақырылатыны жөнінде хабарлаймыз.

Өткізу күні: «08» сәуір 2026 жыл.
Өткізу уақыты: сағат 10:00-де.
Өткізу орны: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі 105, Жарма ауданы әкімдігінің Үлкен мәжіліс залы.

Күн тәртібінің жобасы:

  1. Жарма аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №32/553-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жарма аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Жарма ауданының Шар қаласының, кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихат құзыретіне жататын өзге де мәселелер.

Кезектен тыс сессияны шақыру мәслихат құзыреті шегінде жедел қарауды және шешім қабылдауды талап ететін мән-жайлардың туындауына байланысты, оның ішінде заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерді қамтиды.

Осы хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми жариялануға (жария етуге) жатады.

  ЖАРМА АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ