Жарма аудандық мәслихатының
кезекті XХХІІІ сессия отырысы өтті
Жарма аудандық мәслихатының кезекті ХХХІІІ сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша кірістер мен шығыстардың орындалуы талқыланып, әлеуметтік салалар мен инфрақұрылымға бағытталған қаржының тиімді игерілгені атап өтілді.
Абай облысының даму жоспарының іске асырылуы қаралып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер бар екені айтылды.
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу және Жарма ауданында бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстарға баға берілді. Көптеген көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.
Сондай-ақ Шар қаласы, кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы қаралып, жергілікті деңгейде маңызды жобалардың жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.
Жалпы, сессия барысында ауданның тұрақты дамуына бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны көрсетілді.
Күн тәртібі негізіндегі мәселелер толығымен қаралып тиісті шешімдер қабылданды.