Жарма аудандық маслихатының кезектен тыс отыз бірінші (XХХІ) сессиясы өтті

Жарма аудандық маслихатының кезектен тыс  отыз бірінші (XХХІ) сессиясы өтті

Жарма аудандық маслихатының кезектен тыс

 отыз бірінші (XХХІ) сессиясы өтті

         2025 жылғы 27 қарашада Жарма ауданы мәслихатымен кезектен тыс отыз бірінші (ХХХІ) сессиясында Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 20/370-VIII  «2025-2027 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және 2026 жылдан бастап арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолдануға арналған ставкаларды реттейтін шешім жобалары қаралды.

Салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабы негізінде әзірленіп, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Қабылданған құжатқа сәйкес:

оңайлатылған декларация бойынша салықтың базалық ставкасы салық салу объектісінің 4 % мөлшерінде белгіленеді;

мәслихатқа қызмет түрлерінің ерекшеліктері мен кәсіпкерлік объектілерінің орналасуын ескере отырып, ставканы 50 %-ға дейін арттыру немесе төмендету құқығы берілді. Осыған сәйкес салық мөлшерлемесі 50 %-ға төмендетіліп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Бұл шешім салық жүктемесін икемді реттеуге, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға және Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға ықпал етеді.

Мәслихат аппараты кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге ставкаларды қолдану жөніндегі қосымша түсіндірмелер алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге кеңес береді.