Мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы (ХХІХ) сессиясы өтті

Мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы (ХХІХ) сессиясы өтті

Жарма аудандық маслихатының кезекті сессия отырысы өтті

         Жарма аудандық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы (XХІХ) сессиясы 2025 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 12:00-де Жарма ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутатары, ауданның дербес бөлім басшылары мен аумақтық бірлік әкімдері қатысты.

         Күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:

  1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары, «Жер аманаты» бойынша игерілмейтін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару барысы туралы.

«Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы – Баширов Дархан Оразгазыевич

  1. Жарма ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің игерілуі және егістік алқаптарды тиімді пайдалануды ұйымдастыру жұмыстары туралы.

«Абай облысы Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы - Абишева Гульназ Кенжебаевна

  1. Әртүрлі мәселелер.

         Сессияның қорытындысы бойынша депутаттар ауданның дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдады.